10 қараша 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» демпартиясының орталық кеңсесінде дзюдодан IV Пара Азия ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Демпартия лидері Азат Перуашев спортшыларды жеңістерімен құттықтап, дзюдошылардың бұл жетістіктерге спортқа деген сүйіспеншіліктің, қажырлы еңбектің, ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.
2014 жылдан бері «Ақ жол» демпартиясы паралимпиадашыларға берілетін жүлде қорын Олимпиада жеңімпаздарымен теңестіруді талап етіп, оған 2016 жылы қол жеткізді.
Бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттық нәтижелері қарапайым спортшылардың жетістіктерінен жоғары бағаланады. Өйткені олар жеңіске жету жолында қарсыластарын емес, ең алдымен өздерін және дерттерін жеңулері керек.
Өмірде ешкім жазатайым жағдайдан немесе аурудан сақтандырылмаған, ал паралимпиадалық спортшылардың үлгісі жастарға мойымай, мақсатқа жету, толыққанды өмір сүру керектігін көрсетеді», - деді А.Перуашев.
Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясы паралимпиадашыларға алдағы уақытта да қолдау көрсететінін баса айтып, алдағы жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді. Паралимпиадалық спортшылардың сіңірген еңбегін елеп, Қазақстан Республикасының ұлттық абыройын асқақтатқаны үшін «Ақ жол» ҚДП Президиумының атынан Пара-Азия ойындарының келесі чемпиондары мен жүлдегерлері «Qazaq republic Alash” төсбелгісімен мараппатталды:
Ақмарал Науатбек;
Ерғали Шамей;
Асылан Нұрдаулетов;
Бауыржан Арыстанбеков;
Олжас Оразалыұлы;
Динара Куджулова;
Талғат Ажгалиев;
Ерлан Конкиев;
Даяна Федосова.
Жаттықтырушыларға спортшыларды дайындаған қажырлы еңбектері үшін "Еңбегім Еліме" құрмет белгісі табысталды:
Айдын Әнәпин;
Дәурен Оразов;
Руслан Беркімбай;
Иван Сорокин;
Қанат Рамазанов;
Нариман Нурашев;
Теміржан Хасанғалиев;
Мадина Тоқтамысов;
Қанат Сағындық.
Сондай-ақ Парадзюдо федерациясының президенті Өмірзақов Асылбек пен Қазақстан параволейбол құрамасының бас бапкері, «Ақ жол» демпартиясының мүшесі Тахауов Бауыржан «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапатталды.
Спортшылар «Ақ жол» демпартиясына көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарынан репортаждарды ұлттық телеарнадан тікелей көрсетуді қамтамасыз етуді сұрады.
Мұндай тікелей көрсетілімдер Олимпиаданың жарыстарымен қатар мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың белсенді өмір сүруіне, жеңіс үшін күресулеріне үлгі болмақ.
Азат Перуашев «Ақ жол» демпартиясының фракциясы Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдайтынына уәде берді.
Парадзюдо құрамасының мүшесі Оразалыұлы Олжас Азат Перуашевқа Ханчжоудағы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жолында киіп шыққан кимоносын сыйға тартты.