«Ақ жол»
демпартиясы Жетісу облысының аудандарындағы сайлауалды кездесулерін
жалғастыруда. Кезектегі ашық жүздесу Кербұлақ ауданының орталығы — Сарыөзек
ауылында өтті.
Өңірлік
филиал өкілдерін бастап келген Қазақстан Республикасы Құрылтайының
депутаттығына кандидат, демпартияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек
Егінбаев тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі ұстанымдарын
таныстырды.
Кездесуде
Ермек Егінбаев «Ақ жолдың» қалыптасу жолына тоқталып, партияның халық игілігі
үшін атқарған нәтижелі жұмыстарын баяндады. Ол өз сөзінде шағын және орта
бизнесті жан-жақты қолдау, елдің табиғи байлығын әрбір Қазақстан азаматының
игілігіне бағыттау және сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу партия
қызметінің басты басымдықтары болып қала беретінін атап өтті.
Ауыл
тұрғындарымен пікірлесу ресми сипаттан ада, еркін форматында өтті. Жүздесу
соңында жиынға қатысқан азаматтарға ақпараттық-түсіндіру материалдары
таратылып, қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Өзгерістер
қажет!


