«Ақ жол» демпартиясы Батыс Қазақстан облыстық
штабының өкілдері мен партия жастары Орал қаласындағы ірі сауда және
ойын-сауық орталығында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды.
Ақпараттық-түсіндіру
шарасы барысында штаб мүшелері сауда орталығындағы кәсіпкерлерге, сатушыларға
және қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия
өкілдері шағын және орта бизнесті қолдау, әділетті қоғам қалыптастыру, халықтың
әл-ауқатын арттыру және өңірлерді тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларға
кеңінен тоқталды.
Үгіт-насихат
науқаны аясында қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге арнайы баспа материалдары
таратылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ақжолдықтар
оралдықтарды елдегі оң өзгерістерге қолдау білдіріп, алдағы сайлауда «Ақ жол»
демпартиясына дауыс беруге шақырды.
Өзгерістер қажет!