25
Тамыз

«Ақ жол» демпартиясының өкілдері Текелідегі «Жетісу» сауда үйінде халықпен жүздесті

«Ақ жол» демпартиясы Жетісу облысындағы сайлауалды кездесулер сериясын жалғастыруда. Кезектегі жүздесу Текелі қаласындағы «Жетісу» сауда үйінде өтіп, оған жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар жиналды.

Ел ішіндегі бұл ашық диалогқа Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, демпартияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен партия белсенділері қатысты.

Кездесу барысында өңірлік филиал басшысы тұрғындарға ақпараттық материалдарды өз қолымен таратып, сайлауалды бағдарламаның басты басымдықтарын таныстырды. Ермек Егінбаев шағын және орта бизнес — ұлттық экономиканың тірегі мен ел тұрақтылығының басты кепілі екенін баса айтты. Партияның негізгі мақсаты — отандық өндірісті өркендету, бизнесті негізсіз тексерістер мен кедергілерден қорғау, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Сауда үйіндегі басқосу ресми баяндамадан ада, шынайы әрі еркін форматында өтті. Партия өкілдері тұрғындардың мұң-muқтажын, кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін тыңдап, халықпен тығыз байланыс орнатудың маңызына тоқталды.

Өзгерістер қажет!