31 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс
Қазақстан облыстық филиалы
ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы фракциясының
мүшесі Берік Дүйсембинов конституциялық реформаларды түсіндіру үшін Глубокое
ауданының «Опытное хозяйство масленичных культур» («ОХМК») ЖШС базасында ШҚО
фермерлерінің далалық, механикаландырылған бригадаларымен кездесу өткізді.
«Опытное хозяйство
масленичных культур» ЖШС - Қазақстанда элиталық тұқымдарды сату бойынша
көшбасшы, өзінің селекциясымен және тұқым шаруашылығымен айналысады, соя
сорттарын, арнайы мақсаттағы күнбағыстың классикалық будандарын, жаздық және
күздік бидайды жасау бойынша өзінің селекциялық жетістіктеріне ие. Ғалымдар мен
мамандар ғылыми зерттеулерді апробация өткізіп, ел өңірлерінде аяқталған ғылыми
әзірлемелерді енгізуде.
Кездесу барысында
депутат республикалық референдумды қолдаудағы конституциялық реформалар
мәселелері бойынша түсініктеме берді.
Сонымен қатар,
мәжілісмен шаруалардың сауалдарына жауап беріп, сондай-ақ, Мәжіліс пен Парламент құрылымдарындағы өзгерістер,
сайлаушылардың депутаттардың құзыреттілігін қайтара алатындығы, Конституциялық
соттың қызметі және басқа да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында
мәжілісмен фермерлерді 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.