27
Мамыр

"Ақ жол" депутаттары Шортанды тұрғындары мен "ModeX" зауытының жұмысшыларына референдумның маңғыздылығын түсіндірді

2022 жылдың 27 мамыр, "Ақ жол" демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

"Ақ жол" депутаттары Шортанды тұрғындары мен "ModeX" зауытының жұмысшыларына референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы айтып берді. 

Бүгін депутаттар А. Жұмабаева мен Е. Өмірғали Шортанды ауданына барып, №3 мектептің еңбек ұжымымен, Азаматтарға арналған үкіметтің жергілікті бөлімшесінің, Халық банкінің, Қазпочтаның қызметкерлерімен және клиенттерімен кездесулер өткізді. "Ақжолдықтар" Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтып, 5 маусымда дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.


Депутаттар елордалық Индустриалды парктегі "ModeX" зауытында да болды. Бұл 400-ге жуық жұмысшы жұмыс істейтін ірі инновациялық кәсіпорын.

ModeX қағидаттары әрлеу және түрлі қасбеттік шешімдері бар Блок-бөлмелерді шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта өнім 80%-ға дайындалып шығарылады, ал құрылыс алаңында тек дайын модульдерді монтаждау және оларды инженерлік желілерге қосу ғана жүргізіледі. Модульдік технологияның мүмкіндіктері тұрғын үй кешендерін ғана емес, коттедждерді, мектептерді, балабақшаларды, медициналық орталықтарды салуға, сондай-ақ әртүрлі инженерлік-техникалық шешімдерді іске асыруға мүмкіндік береді.


"Ақ жол" депутаттары өндіріс үдерісімен танысып, цехтарды аралап, кәсіпорын қызметкерлерін алдағы конституциялық реформа туралы хабардар етті.

Кездесу барысында "ақжолдықтар" қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Қызметкерлер "Ақ жол" саяси бағдарламасының негізгі ережелері туралы және Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру тетіктері туралы сұрады. Конституцияның нақты нормалары, зейнетақы заңнамасы бойынша сұрақтар қойып, конституциялық реформа бойынша ақпараттық материалдардың жеткіліксіздігіне шағымданды.

Бүгінгі кездесуде болған қатысушылар дауыс беруге белсенді қатысатындарын айтты.