05
Тамыз

«Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Atyrau Avtopark» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді

«Atyrau Avtopark» ЖШС – Атырау қаласындағы қоғамдық көлік қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын қала тұрғындарын тұрақты әрі сапалы жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етіп, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталды. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру және өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұжым өкілдерімен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, штаб мүшелері сайлаудың маңыздылығына тоқталып, азаматтарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.