13
Тамыз

«Ақ жол» ҚДП өкілдері Кербұлақ ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесті

Кездесу барысында «Ақ жол» ҚДП өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Жиында ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру саласы, ауыл жастарына сапалы білім алуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері көтерілді.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы сұрақ қойылды.

Сонымен қатар білім беру саласындағы грант санының жеткіліктілігі, балалардың тегін білім алу мүмкіндігі және ауыл жастарының грантқа түсу мүмкіндігін арттыру мәселелері сөз болды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасында салт-дәстүрді, мәдениет пен ана тілін насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар мен іс-шараларға да ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.