23 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар кеңесі жасөспірімдер
арасында футболдан қалалық турнир
ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді.
Жарысқа Тараз қаласындағы жасөспірімдер арасындағы әуесқой футбол
командалары қатысты.
Тартысты өткен жарыста жүлдегер атанған командалар мен үздік ойыншыларды
партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, Жастар кеңесінің
төрағасы Қадыржан Есенов арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

