15
Тамыз

«Ақ жол» лидері Азат Перуашев кәсіпкерлер мүддесін қорғап жүрген бір топ адвокатты қабылдады

https://t.me/peruash/9584

Бүгін кәсіпкерлер мүддесін қорғап жүрген бір топ адвокатты қабылдадым. 

Олар  құқық қорғау органдарының экономикалық істерді қылмыстыққа ауыстыру үшін ресми бизнес-қауымдастықтарды ҰҚТ деп квалификациялауының соңғы кезде жиілеп кеткентәжірибесіне алаңдаушылық танытуда. Дәлел ретінде функциялардың бөлінуін сипаттайды: біреу басқарады, біреу орнын алмастырады, біреу келіссөздер жүргізеді, біреу қаржылық құжаттарды рәсімдейді. Олардың пайымдауынша, функциялардың бөлінуінің өзі «ұйымдасқан қылмыстық топ» түріндегі қылмыстық қызметке «дәлел» бола алады екен. Ал, мұндай сипатта қарапайым заң бұзушылық ауыр қылмысқа айналдырып, сәйкесінше, кәсіпкер мен қызметкерлерін тұтқындауға ұласады. 

Адвокаттардың пікірінше (олармен келіспеу мүмкін емес), ресми кәсіпорынды (ЖК, ЖШС, АҚ) ҰҚТ ретінде қарастыруға болмайды, себебі, функцияларды бөлу әр қызметкердің қызметтік міндеттемелерінде қамтылған. Олардың сол қызметтік міндеттемелерін атқаруы қылмыстық құрамның «айғағы» бола алмайды. Қылмыс заңды кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымымен емес, ақтауға келмейтін айғақтар жиынтығымен дәлелденуі керек. 

Прокуратура органдарына мұндай жағдайға тап болған кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау қажеттігі туралы сауал дайындаудамыз.