02
Тамыз

“Ақ жол”: Маңғыстау ауылында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін “Ақ жол” еріктілері Маңғыстау ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар ұсынды.

 

Еріктілер ауыл аумағындағы арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат материалдарын орналастырып, тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде ақпараттық үгіт парақшаларын таратты.

 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын, алдағы 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және “Ақ жол” партиясына дауыс беруге шақырды.

 

Маңғыстау ауылында ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.