09
Маусым

«Ақ жол» Парламентке Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын бекіту функциясын қайтаруды ұсынды

9 мауысым, 2022 жыл. «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі


«Ақ жол» Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын бекіту функциясын парламентке қайтаруды ұсынды - бұл туралы Азат Перуашев Үкімет пен Есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есептерін талқылау барысында мәлімдеді.


Перуашевөз сөзінде үкімет туралы заңда Үкіметтің жаңа құрамын өз іс-қимылдары бағдарламасын парламментте ұсынып, қорғауға міндеттейтін норманың болғанын еске салды. 2007 жылы бұл норма жойылып, содан бері парламент үкіметтің саяси бағдарламасымен емес, «бухгалтериясымен» жұмыс істеп келеді

(https://akzhol.kz/kk/blog/kmett-biudzhett-atarlu-tural-eseb-bojnsha-a-zhol-dp-frakciiasn-stanm).


«Іс-қимыл бағдарламасын міндетті түрде бекіту туралы ережені алып тастау мемлекеттік органдарға халық ақшасын барынша еркін жұмсауға мүмкіндік берген секілді», - деген депутат Есеп комитетінің қорытындысында көрсетілген бірқатар негативті жайттарға назар аударды.


Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы жаңадан тағайындалған үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын парламенттің бекітуі туралы норманы қайтаруды ұсынып отыр.

«Сонда мемлекет басшысы тапсырған бюджет пен халықтың қаржысын кім көп жұмсағанына қарап емес, халықтың өмір сүру сапасына қарай үкімет жұмысын бағалауға болады», - деп санайды.

Ақпарат үшін: «Ақ жол» ҚДП фракциясы дауыс беру кезінде Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебін қолдамады.