Кездесу барысында Босымбаев 2024 жылғы
«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауына қатысу мүмкіндіктері мен
қолдау көрсету жайында талқылады.
«Ақ жол» партиясы жариялаған бұл байқау
Алаш қозғалысының саяси және экономикалық мұраларын зерттеп, насихаттауды
көздейді. Университет
студенттерін байқауға қатысуға ынталандырып, өз үлестерін қосуға ықпал етуді
сұрады. Кездесу нәтижесінде екі тарап та білім беру мен саяси сананы нығайту
бағытында серіктестікті дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Алаштың рухани мұрасын бүгінгі қоғамның жаңғыруына үлес қосу арқылы байқау Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен болашағына бағытталған маңызды бастама саналады.