6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі
референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор.
Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау
жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT»
партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді.
Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті
идеясының айналасында топтастыру.
Отырыс барысында АЭС құрылысына қолдау
білдіріп, Халықтық штабтың құрамында кіргендер қатарында Ұлттық ғылым
академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, «Қазақстандық атом электр
станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Қазақстан Азаматтық альянсының
президенті Бану Нұрғазиева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстан халық партиясының төрағасы
Ермұхамет Ертісбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов,
«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық
партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, «Respublica»
партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Байтақ» партиясының төрағасы
Азаматхан Әміртаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова
және басқалар болды.
Сонымен қатар Халықтық штабтың құрамына
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, Ұлттық
спорт қауымдастығы, «Ассамблея жастары» РҚБ, Қазақстанның Ядролық қоғамы,
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан
электр энергетикалық қауымдастығы және басқа да ұйымдар кірді.
Штаб құрамына саяси партиялардың орталық
және аймақтық белсенділері, сондай-ақ республикалық қоғамдық бірлестіктердің
өкілдері, соның ішінде Парламент пен мәслихат депутаттары, интеллигенция
өкілдері кірді. Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен жұмысын
бастайды, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, шалғай елді мекендерге барады.