27 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Абай облыстық филиалының «Ақ жол» демократиялық партиясы жастар кеңесінің
мүшелері 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай
ақылдасу жиналысын өткізді.
Жиында еліміздің негізгі Заңының маңызы, құқықтық мәдениетті нығайту,
жастардың қоғамдағы белсенді рөлі талқыланды. Сондай-ақ алдағы уақытта
атқарылатын іс-шаралардың жоспары пысықталып, жаңа идеялар ұсынылды.
«Ақ жол» партиясы жастарға сенім артып, олардың бастамаларын қолдайды.
Конституцияны құрметтеу – елдің тұрақтылығы мен болашағына үлес қосу» деген
ортақ ой айтылды.

