28
Тамыз

«Ақ жол» партиясы Қызылорда қаласындағы қоғамдық мәселелер бойынша әкімдікпен кездесті

28 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауындағы қордаланған мәселелерге байланысты, атап айтқанда Қызылорда қаласындағы қоғамдық орындардағы әжетхананың болмауы, қоғамдық көліктердің қала ішінде жүру тиімділігі, қоғамдық көліктер аялдамасындағы жеңіл автокөліктердің ретсіз тоқтауын ретке келтіру  мәселелері бойынша облыстық филиал атынан Қызылорда қаласының әкімдігіне сауал жолдаған болатын.

Жолданған сауал бойынша бүгін, 28 тамыз күні «Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты «Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерімен кездесіп, сауалда көрсетілген мәселелерге байланысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.