07
Қазан

«Ақ жол» партиясының Абай облыстық филиалы алдағы айдың жоспарын бекітті

7 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы мүшелері кезекті жиналысын өткізіп, алдағы айға арналған жоспарларын талқылады. Жиналыс барысында партияның жастар кеңесі белсене қатысып, бірқатар жаңа ұсыныстар енгізді.

Шараға Абай облысы «Ақ жол» демократиялық партиясының филиалы төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы арнайы қатысып, жоспарларды жүзеге асыру бағытында пікірлерімен бөлісті.

Бұл жиын – өңірде атқарылатын іс-шараларды жүйелеуге, жастардың белсенділігін арттыруға және партия қызметінің тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.