Бүгін «Ақ жол»
Қазақстан Демократиялық партиясының Астана қалалық сайлауалды штабы «Қалалық
мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК («iKOMEK109») ұжымымен
сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара 2026 жылғы 23 тамызда өтетін
Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңындағы партияның сайлауалды науқаны
аясында ұйымдастырылды.
Кездесуде
партия өкілдері Жанаргүл Күлмагамбетова, Айнагүл Жұмағұлова және Мейрам
Қойшубаев сөз сөйледі.
Спикерлер
ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бастамаларға
тоқталды:
Сондай-ақ
партияның Парламенттің өткен шақырылымдарында жүзеге асырылған заңнамалық
бастамаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, партия өкілдері «Ақ жол»
фракциясының бастамасымен жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданғанын
атап өтті.
Бұл кездесу –
«Ақ жол» партиясының Астана қалалық сайлауалды штабы 23 тамыздағы сайлау
қарсаңында елордадағы еңбек ұжымдарымен өткізіп жатқан үгіт-насихат
кездесулерінің бір бөлігі.
Өзгерістер –
«Ақ жолмен» бірге!