Кездесу барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар жан-жақты түсіндірілді.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, Үштөбе қаласы маңындағы 47-разъезд бағытындағы жол құрылысының жартылай ғана аяқталып, қалған бөлігінің бір жылдан бері тоқтап тұрғаны айтылып, аталған нысанның қашан толық аяқталып, пайдалануға берілетіні жөнінде сауал көтерілді.
Кездесу соңында барлық сұрақтарға түсіндірме беріліп, көтерілген
ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ақ жол» партиясының
сайлауалды бағдарламасында ұсынылған бастамалардың өзектілігін атап өтіп,
қолдау білдірді.
