Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Қаратал ауданындағы «Halyk Bank» АҚ және аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының
негізгі басымдықтары таныстырылып, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік
әділеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамалар
кеңінен түсіндірілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар атаулы әлеуметтік
көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын геолокация арқылы
бақылау мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік гранттарға қатысты өздерін толғандырған
сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жиын барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды. Кездесу соңында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қолдау білдірді