Кездесу барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу
ашық пікір алмасу форматында өтті. Еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған
өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда,
зейнеткерлік жасты төмендету және шетелдегі офшорлық аймақтарда сақталған
қаражатты елге қайтару мәселелері сөз болды.
Кездесу
соңында барлық сұрақтарға жауап беріліп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері
назарға алынды.
