Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Талдықорған қаласындағы «NURAVICENUM» медициналық мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары
таныстырылды. Спикер Ермек Егінбаев «Ақ жол» партиясының нарықтық экономиканы
дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы ұстанымдарын баяндап, мемлекет
экономикаға шамадан тыс араласпай, адал бәсекелестік пен жеке кәсіпкерліктің
дамуына қолайлы жағдай жасауы қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті негізсіз
тексерулерден қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын
құру және халықтың әл-ауқатын арттыру партия бағдарламасының негізгі
басымдықтары екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір
алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері халықпен ашық диалогты
жалғастырып, елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды іске асыруға
басымдық беретінін атап өтті.