Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мажико Агрокешені» еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына
кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев
партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, шағын
және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың
әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларға тоқталды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған
сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиын соңында еңбек ұжымы
партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын және алдағы сайлауда өз
таңдауларын жасайтындарын жеткізді.