24
Шілде

«Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық штабы «Мансап орталығы» ұжымымен кездесті

Бүгін, 24.07.2026 жылы, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, Құрылтайға үміткер Әлібек Исин мен облыстық штаб мүшелері Гаухар Менлибаева, Бектілеу Бектұрсынұлы, Аққу Әпен Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Ұлытау облыстық «Мансаптық орталығы» филиалының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік саясатқа қатысты бастамалар кеңінен түсіндірілді.

Ұжым өкілдері өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті.

«Ақ жол» партиясы – әрбір азаматтың үнін еститін, халықтың ұсынысын нақты іске айналдыратын жауапты саяси күш.