12 сәуір 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Бүгін Өскемен қаласында «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық
филиалының өкілдері басқа да саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдармен бірге
қаланың басты көрнекі орындарының бірі — Қазақстан тауына жаппай сенбілікке
шықты.
Мемлекеттік рәміздер тауына шамамен 100-ге жуық белсенді жиналды. Бірлескен
еңбектің нәтижесінде 100-ден астам қап қоқыс жиналды.
– Біз жай ғана тазалық жұмысына шыққан жоқпыз – біз үлгі көрсетудеміз.
Қаланың тазалығы сенбіліктердің санына емес, тұрғындардың мәдениеті мен
жауапкершілік деңгейіне байланысты, – деді «Ақ жол» партиясы ШҚО филиалы
төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлова.
Белсенділердің пікірінше, мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойында
экологиялық сана мен қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастырады.