8 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері арнайы
Шәкәрім университетінің студенттерімен кездесу өткізіп, “XXI ғасырдағы Алаштың
Ақ жолы” жалпыұлттық байқауы туралы толық ақпаратпен таныстырды.
🔹Байқаудың мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық
ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде
зерделеу мен насихаттау.
🔹 Қатысушылар – 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары.
🔹 Жұмыс түрлері – эссе, мақала.
🔹 Қабылданатын тілдер – қазақ және орыс тілдері.
Кездесу барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, байқауға қатысуға
қызығушылық танытты. Бұл бастама жастарға Алаш идеяларын жаңаша көзқараспен
қарауға, тарихи мұрадан тағылым алып, оны қазіргі заманмен байланыстыруға
мүмкіндік береді.