8 қыркүйек 2025
жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда
облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына қала тұрғыны Еділ Қамбарұлы жеке сот
орындаушыларына қатысты мәселелесімен жүгінді. Атап айтқанда, ЖСО-ның жеке есеп шоттарына заңсыз тиым
салып, жұмыс жасауына кедергі келтіріп жатқандығы белгілі болды. Осы тұрғыда
облыстық филиал заңгері Н.Амангелдиев қоғамдық қабылдауға жүгінген азаматтың
мәселесін мұқият тыңдап, оған "Ақ жол" партиясының үкімет
алдында сот орындаушылар қызметіне
қатысты мәселені үнемі көтеріп жүргендігін айта келе, оған ҚР заңдары аясында құқықтық кеңес беріп,
мәселені шешу жолдарын түсіндірді.