3 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиал
Бүгін Тараз қаласында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті.
Конференцияға партияның Жамбыл облыстық филиалы мүшелері мен Тараз қаласы мен аудандардан сайланған делегаттар қатысты.
Жиынды «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Асан Қошмамбетов ашып, филиалдың атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Мұнан соң конференция қатысушыларының дауыс беруімен Жамбыл облыстық филиалынан “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне 10 делегат сайланды.
Жиыннан соң конференция қатысушылары Тараз қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябаққа барып, 100 түп шырша ағаштарының көшеттерін отырғызды.