Бүгін Ақтауда Құрылтай
депутаттығына кандидат Батыржан Қорғанбаев әуесқой футболшылармен футбол
алаңында жүздесіп, спортсүйер қауыммен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты — жастар
мен белсенді азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, қоғамдағы өзекті
мәселелерді талқылау және “Ақ жол” демпартиясының сайлауалды бағдарламаның
негізгі бағыттарын таныстыру.
Батыржан Қорғанбаев
футболшылармен кездесіп қана қоймай, алаңға шығып, олармен бірге доп тепті.
- “Бұл — халықпен арадағы
байланыстың қарапайым әрі ашық форматтағы көрінісі. Себебі қоғамның әр
саласының өкілімен тікелей сөйлесіп, олардың ойы мен ұсынысын тыңдау — маңызды.
Спорт алаңы — жігерді шыңдайтын орын. Ал елдің болашағы — ортақ алаң. Жастарды
қолдау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және
азаматтардың белсенділігін арттыру — қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін
маңызды бағыттар.” - дейді Құрылтай депутаттығына кандидат Батыржан
Қорғанбаева.
Кездесу барысында партияның
үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Әуесқой футболшылар өздерін
толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде Батыржан
Қорғанбаев қойылған сауалдарға жауап беріп, азаматтардың пікірінің маңыздылығын
атап өтті.
.jpeg)
.jpeg)