03
Тамыз

«Ақ жол» жастары атсалысқан «Абай мұрасы — халық даналығы» әдеби кеші өтті

3 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы — халық даналығы» атты әдеби кеш өтті.

Рухани тағылымға толы кеш барысында жас буын Абайдың жүрекке терең бойлатар жырларын жатқа оқып, әнге қосып, ақын мұрасын жаңаша үнмен жеткізді.

Аталған кештің ұйымдастырылуына «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері белсенді түрде атсалысып, волонтерлік қызмет көрсетті. Олар кештің жоғары деңгейде өтуіне жан-жақты қолдау білдірді.

Бұл кеш Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған мазмұнды бастамалардың біріне айналды.