20 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесі және облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес,
2025 жылдың 20 наурызында «№12 ЖОББМ» КММ-де республикалық пікірсайыс турнирінің
қалалық кезеңі өтті.
Бұл турнир жас пікірсайысшылардың сыни ойлауын дамыту, шешендік
қабілеттерін арттыру және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында
ұйымдастырылды. Пікірсайыс – жастардың зияткерлік деңгейін көтеріп, олардың
қоғамдағы белсенділігін арттыратын маңызды алаң.
“Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы жастар
кеңесінің мүшелері Рымқұлов Асылжан, Сәрсен Жанерке және Акабай Мадина осы
турнирде төрешілік етті. Олардың әділ бағалауы мен тәжірибесі жас дебатерлер
үшін үлкен маңызға ие болды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қасиеттерін
дамытуға зор мүмкіндік береді.