18
Қазан

«Ақ жол» жеке компаниялардың бағалы қағаздары бойынша дивидендтерді салықтан босатуды талап етті

18 қазан 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты «Ақ жол» фракциясының ұстанымын білдірген Азат Перуашев фракцияның заң жобасын қолдайтынын, алайда оның әлеуетін кеңейтудің қажет әрі мүмкін екендігін айтты.

«Ұсыныстарымыздың бірінші блогы инвестахуалды жақсартумен байланысты: біз қаржы нарығындағы жеке эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша дивидендтерді салықтан босатуды ұсынамыз.

Дивидендтерге салық салу туралы былтырғы шешім қате әрі инвестицияларды шектейді деп санаймыз.

Halyq Finance сарапшылары инвестицияның таза ағынын талдай отырып, олардың 3,8 млрд долларға, ал биылғы жылдың тек бірінші тоқсанында ғана 600 млн доллардан астам қаржыға тең кері ағынын атап өтті.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық банктің ноталары бойынша банктер де, заңды тұлғалар да салық төлеп көрген жоқ, ал, нақты экономиканың инвесторлары - төлеу керек. Демек, экономикаға салынған инвестициядан гөрі мемлекеттік шығындарға арналған қаражат маңыздырақ па? Бұл дұрыс емес, бұл инвестицияны тежейтін фактор. Сондықтан одан бас тартуды ұсынып отырмыз», — деді Азат Перуашев.