20
Маусым

«Ақ жолдың» семейлік депутаттары өндірістік комиссияның көшпелі отырысына қатысты

20 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

2022 жылғы 20 маусымда "Ақ Жол" партиясынан Семей қалалық мәслихатының депутаттары Ермек Абильмажинов пен Анатолий Калинкин тұрақты өндірістік комиссия құрамының көшпелі отырысына қатысты.


Жиында Семей қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды орындау мәселесі көтерілді.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері жасыл желектердің паспортын жасап, дендрологиялық зерттеулерді жүргізуді ұсынды.

Бұл мәселе сондай-ақ мәслихат комиссияларының біріккен отырысында қаралып, кейін қалалық мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылатын болады.