18
Қыркүйек

Абай облысы филиалы референдум қарсаңында АЭС салуды қолдау бойынша кездесулер өткізді

18 қыркүйек 2024 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысында референдум қарсаңында АЭС салуды қолдау бойынша Халықтық штаб мүшелері Семей Медициналық Университетінің ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға 200 жуық адам және Абай облысы “Ақ жол” Демократиялық партиясының төрағасы Тілеужанов Ержан Хамитұлы қатысып, біздің өңірдің болашағы үшін қауіпсіз және таза технологиялардың маңыздылығы туралы пікір алмасу алаңына айналды. Кездесуге Абай облыстық Халықтық штабтың төрағасы Қуаныш Сүлейменов және штаб мүшелері радиациялық қауіптер және олардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

АЭС ұзақ мерзімді, тұрақты, қауіпсіз электрмен қамтамасыз етеді, бұл әсіресе ауруханалардың, емханалар мен жабдықтардың жүйелі жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Осы тақырыпты Тілеужанов Ержан Хамитұлы, халықтық штаб мүшелері, Семей Медицина Университетінің қызметкерлерімен бірге талқылады.

Штаб төрағасы Қуаныш Сүлейменов атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайтынын атап өтті.


Абай облысы филиалы «Ақ жол» демпартиясының мүшесі, Жаңасемей аудандық маслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы АЭС салуды қолдау жөніндегі түсіндірме жұмыстары бойынша Бөкенші ауылының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына АЭС жайлы түсініктеме беріп, оның экономикалық, экологиялық, технологиялық және саяси тиімділіктері мен қауіпсіздігі жайлы айтты.

Сонымен қатар, тұрғындар көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

Ауыл тұрғындары «АЭС салынуы дұрыс және болашаққа тигізер пайдасы көп», - деген пікір білдірді.