05
Сәуір

Абай облысы – тазалық мәдениетінің үлгісі болуға тиіс!

5 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

“Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы Жастар кеңесі облыс әкімінің «Таза Қазақстан» бастамасын толық қолдай отырып, өңір тазалығына үлес қосу мақсатында нақты қадамдар жасады.

Бүгін облыс әкімінің бейнеүндеуіне үн қосып, Жастар кеңесі ұйымдасқан түрде сенбілікке шығып, қала аумағын тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Бұл – жай сенбілік емес, бұл – азаматтық жауапкершілік пен елдік ұстанымның көрінісі.

Осы белсенді қатысымыз үшін “Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы Жастар кеңесі арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Бұл марапат – жастардың қоғам өміріндегі белсенділігінің, туған өлкеге деген жанашыр көзқарасының дәлелі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Қалалар мен ауылдардың таза болуы – ең алдымен өзімізге керек».

Сондықтан барша Абай жастарын, ұйымдарды, оқу орындарын және жанашыр азаматтарды “Таза Қазақстан” бастамасын қолдауға, бірге үлес қосуға шақырамыз!

Туған жердің көркеюі – біздің ортақ борышымыз!

Бірге болайық. Таза болайық. Ұлт үшін ұйысайық!