03
Қыркүйек

Адай Кенжебайұлы қоғамдық қабылдау өткізді

3 қыркүйек 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Кезекті қабылдау барысында қала тұрғыны өзіне қатысты бірқатар түйткілді мәселелерін ортаға салды. Ол жеке басына қатысты тұрмыстық әрі әлеуметтік сипаттағы сауалдарын жеткізді.

Адай Кенжебайұлы азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, мәселені заң аясында жан-жақты қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, тұрғынның көтерген мәселесі партия филиалының бақылауында болатынын және тиісті органдарға ұсыныс берілетінін жеткізді.