11 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы өңірдің білім саласы өкілдерімен
кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.
Осы кездесуге “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің мүшесі Серікқазы Нұрқадыр қатысып, білім саласына қатысты
өзекті сұрақ қойып, жастардың ұстанымын ашық жеткізді.
Бұл – жас ұрпақтың қоғамдық мәселелерге бейжай қарамай, өз үнін білдіре
алатындығының айқын көрінісі.