10
Қазан

Қадыржан Есенов оқу орнының Жастар ісі жөніндегі ұйым мүшелерімен кездесу өткізді

10 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар қанатының төрағасы Қадыржан Есенов М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Жастар ісі жөніндегі ұйым мүшелерімен кездесу өткізіп, «Алаш идеясы – ел мұраты»

«ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауына қатысуға шақырды.

Қадыржан Есенов партияның бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылып отыратын байқау – шығармашыл жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Бірнеше кезеңнен тұратын ұлттық жобаның талаптарымен таныстырды.

«Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі: Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы; Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және оның қазіргі Қазақстан қоғамына маңызы; Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту; Алаш тарихының «актаңдақтары» номинацияларының тақырыптық бағыттары берілген. Бұл бағыттар зерттеушілерге Алаш тақырыбына жаңа қырынан қарап, зерделеуге жол ашады», - дей келе байқаудың ережесін түсіндірді.