01
Сәуір

Ақиық ақын Мұратбек Оспановты еске алу кеші өтті

1 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада белгілі ақын, қаламгер Мұратбек Оспановтың кітабының тұсаукесері және еске алу рәсімі өтті. Іс-шараға Абай облысы “Ақ жол” демократиялық партиясы филиалы төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы және партия мүшелері қатысты.

Мұратбек Оспановтың шығармашылығы – қазақ поэзиясының жарқын беттері. Ол өлеңдері арқылы оқырмандарына өмірдің терең мағынасын, туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты жеткізе білді.

Шара барысында ақынның әдеби мұрасы, оның шығармашылық жолы туралы жылы естеліктер айтылып, кітаптың маңыздылығы талқыланды. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды!