9 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық
филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда
облыстық филалының кеңсесінде партиядан сайланған Қызылорда облыстық
мәслихатының депутаттары Қайрат Боранбаев пен Нұрымжан Сопбеков партия қатарына кірген жаңа мүшелерге партия
билетін табыстады және мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың биылғы 2025 жылды «Жұмысшы
мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай өңіріміздегі «Туран-Стройпроект LTD»
ЖШС мен «ОрдаСтройИндустрия» ЖШС-де бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе
жатқан жұмысшыларды «Ақ жол» партиясының
«Еңбегім еліме» төсбелгісімен марапаттады.





