27
Сәуір

Қайырлызат Елубаеваға "Дети войны" медалі табысталды

27 сәуір 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының атынан Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Жанна Сәкетаева және партияның жастар қанатының мүшесі Аязбек Нұрлан "Дети войны" медалін Елубаева Қайырлызат апамызға табыстады.

Қайырлызат Елубаева 1934 жылы дүниеге келген. Соғыс басталған жылы бірінші сыныпқа барып, оқумен қатар анасына көмектесу үшін балық цехында еңбек еткен. Кейде бидай жинау жұмыстарына да жұмылдырылған.

Өмір бойы ұстаздық қызмет атқарып, биология пәнінің мұғалімі болған. Төрт бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана.

"Соғыс енді ешқашан қайталанбасын" деген тілегін жеткізді Қайырлызат апа.

"Ақ жол" партиясы ардагерлерге құрмет көрсетуді қасиетті борыш санайды.