25
Тамыз

Ақманат Төлегенова «Мектепке жол» акциясы аясында Тасөгет кентіндегі отбасына көмек қолын созды

25 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова «Мектепке жол» акциясы аясында 2025 жылдың 22 шілдесінде үйі түгелімен өртеніп, ауыр жағдайға түскен, қазіргі кезде Тасөгет кентінде жалдамалы пәтерде күн кешіп жатқан отбасының балаларына білім алуларына қажетті оқу құралдарымен толық жабдықталған сөмкелерді сыйға тартып, балаларды қуантты.