04
Қантар

ҚАРИЯЛАРЫМЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

Халық қалаулысы Қазыбек Иса Шымкент қаласына келіп, қариялардың қал-жағдайын сұрамай кете алмайтының айтып, ат басын Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар  мен мүгедектер үйіне» бұрды. Алдымен  ол  қарияларды Жаңа 2024 жылмен құттықтап, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір мен амандық тіледі. Бұл мекемеде «Ақ жол» демократиялық партиясының ең белсенді мүшесі, ең жасы үлкен блогер Мәмбет Құрманбаев өмір сүреді. Кездесу барысында қариялар өздеріне тиісті мәселелерді көтерді,  мысалы :  зейнетақылары толығымен қолдарына берілсе, қарттар үшін  қоғамдық көліктерде жолақы тегін болса, оларға  берілетін  дәрі-дәрмектердің формулярын  толықтыру  қажеттігі туралы айтты. 

Қарттар үйі тұрғыны, ҚР Журналистер одағы мүшесі, ақын Мыңжасар Дәрменов Қазыбек Исаға арнаған жырын оқып, табыс етті.


Сонымен қатар іс-шарада  Қазыбек Жарылқасынұлы  «Қарттар үйінің» 21 қызметкерлерін  партия мүшелері  қатарына кіргізіп, оларға салтанатты түрде күәліктерін   табыстады. 

Кездесу соныңда қариялар Қазыбек Исаның ықпалымен «Қарттар үйіне» газ кіргізілгенін еске алып,  Ақ батасын беріп, Ақ жол тіледі.

Бұдан басқа іссапар барысында  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Қазыбек Иса БАҚ өкілдеріне сұхбат  берді.


“Халықтың алғысы да, айтар арызы да аз емес. Қарттар үйінде тұратындардың қала автобустарында тегін жүруді сұраған өтініштерін бүгін елмен кездесудің қорытындысы бойынша  Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековке кіргенде көтердім. Сонымен қатар Тіл орталығына ғимарат керектігін жеткіздім. Қаланы дамытуға қайратты қарыммен, жастық жалынмен қарқынды кірісіп жатқан әкім бұл екі мәселенің де шешілетініне уәде берді.

Басқа да маңызды мәселелерді қозғап, олардың бәрі ретімен шешілетін болып жатыр” деді Қазыбек Иса сөзінің қорытындысында.

Қазыбек Исаның  Оңтүстік өніріндегі іссапары жалғасуда.