17
Қазан

Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өтті

17 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін еліміз бойынша Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдарын үйрету және қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.

Диктанттың ұйымдастырушылары:

•        Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

•        Halyk Bank

•        «Қарызсыз қоғам» қоғамдық қоры

•        AML Академия

Аталған шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері де белсенді түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

 Жастар кеңесінің мүшелері Жакьянова Акниет пен Кидырмина Айым үздік қатысушылар қатарынан табылып, арнайы марапаттарға ие болды.

Осындай республикалық деңгейдегі іс-шаралар жастардың қаржылық мәдениетін арттырумен қатар, олардың жауапкершілік пен сыни ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді.