24
Қазан

Азат Перуашев «Ақ жол» демпартиясының мүшелеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Sultan Games

24 қазан 2023 жыл, “Ақ жол” демпартиясының баспасөз қызметі

 

​Бүгін Астана қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Пленум жұмысына парламенттегі «Ақ жол» фракциясының, Ұлттық кеңестің мүшелері, облыстық филиалдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері қатысты.

​Пленум барысында партия лидері Азат Перуашев бірқатар «ақжолдықтарға» Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Республика күні мерекесіне орай тағайындалған мемлекеттік наградаларды табыс етті.


​Сонымен, «Құрмет» орденімен;

- «Ақ жол» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары – Абзал Ақпанбайұлы;


- ​«Ақ жол» партиясының атынан сайланған Орал қаласы мәслихатының депутаты, Батыс Қазақстан облысы «Ак-болу» ЖШС директоры - Казанин Юрий Викторович;

- «Ақ жол» партиясы атынан сайланған Шымкент қаласы филиалының депутаты – Ноян Назарұлы Тулегенов марапатталды.


«Ерен еңбегі үшін» медальімен:

- «Ақ жол» партиясы атынан сайланған Түркістан облысы Сарыағаш ауданы мәлихатының VII шақырылым депутаты, кәсіпкер – Зарипа Әбдімарқызы Арзыкулова;


- «Ақ жол» партиясы Орталық аппараты заң бөлімінің эксперті – Гүлнар Боярстанқызы Аубакирова;


- «Ақ жол» партиясы атынан Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының депутаты, «ЭПК Atica» ЖШС директоры – Өркен Тәкежанұлы Каскатаев;


- «Ақ жол» партиясы бас бухгалтері – Жанар Амангелдіқызы Мазимова;


- «Ақ жол» партиясы атынан сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ақ жол» демпартиясының Алматы қаласы филиалының төрағасы – Олжас Елтайұлы Нұралдинов;


- «Ақ жол» партиясы төрағасының көмекшісі – Ербұлан Рахымбекұлы Сағымбаевқа табысталды. 


Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының серіктесі «Қазақстанның Ұлттық өнеркәсіптік палатасынан» ұсынылған Маңғыстаулық кәсіпкер Нұрлыбек Қыдырғалиұлы Адеков «Шапағат» медальімен марапатталды.


Сонымен қатар сол күні Мәжілісте Палата төрағасы Ерлан Қошанов бір топ депутатқа Президенттің құттықтауы мен алғысын жеткізіп, Мемлекеттік наградаларды тапсырды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат» орденімен Ерлан Барлыбаев марапатталды. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Қазыбек Иса алды.