11
Қантар

Азат Перуашев Алматы облысындағы бірқатар кәіпорындарды аралады

11 қаңтар 2025 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз бөлімі

Алматы облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демпартиясының төрағасы Азат Перуашев партия филиалдарының жетекшісі Мейраш Шынасылова және Қонаев қаласы маслихатының депутаты Сергей Горяноймен бірге бірқатар кәсіпорындарды, соның ішінде, "Юнипак-Шымкент" ЖШС бірегей өндірісін аралап қайтты.

Бұл кәсіпорынның ерекшелігі, ол жылына 1,1 миллиард данадан астам көлемде құтыларға, суға арналған ПЭТ преформалары мен оларға арналған қақпақтарды шығарады, бұл ауызсу және минералды су өнімдерін, лимонадтар мен Tassay шырынды сусындарын өндіруші "Постнофф и Ко" компанияның қажеттіліктерін толығымен өтейді. Осылайша, тәуелсіз компания бола отырып, «Юнипак-Шымкент» ЖШС салаішілік кооперацияны сәтті жүзеге асырып келе жатқан елдегі ірі су өндіруші кәсіпорынның біртұтас кластерінің бір бөлігі болып табылады.

Компаниялардың өнімдері еуропалық SACMI және PIOVAN өндірушілерінің заманауи жабдықтарында шығарылады, бұл халықаралық стандарттар деңгейінде жоғары сапаға кепілдік береді.

ЖШС директоры Леонид Лян өндіріс барысымен таныстырып, кәсіпорынның мәселелеріне де тоқталды.

Атап айтқанда, зауыт доллар бағамының кезекті құбылуынан қатты зардап шекті, себебі, барлық шикізат Корея мен Қытайдан әкелінеді. Нәтижесінде бұрын орындалған жеткізу келісім-шарттары түзетіліп, айналым қаражаты жұмсалып кетеді.

Тағы бір мәселе, мұнай өңдеу өнімі болып табылатын ПЭТ түйіршіктері секілді шикізаттың отандық өндірісінің жоқтығы – бұл шикізат басқа елдерден әкелінбей, Қазақстанда шығарылуы тиіс.

Депутаттар компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, отандық өндірісті қолдаудың ықтимал жолдарын талқылады.