Әйгілі Qarmet алаңында «Ақ жол» Демпартиясының төрағасы Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургия комбинаты басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сырым Семейбаевпен кездестік.
Сырым Сайранбекұлы кәсіпорынды ауқымды жаңғырту барысы, алдағы даму жоспарлары, өнім түрлерін кеңейту және ірі машина жасау зауыттарымен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Сондай-ақ жуырда компания акционері А. Лавреньтев Президент Қ.Тоқаевқа баяндаған Теміртауда өнеркәсіптік кластер құру жобасы аясындағы Qarmet-тің шағын және орта бизнеспен әріптестігін талқыладық.
С. Семейбаевтың айтуынша, жоба локализацияны тереңдетуге, шағын және орта бизнесті қолдауға және елдегі ең ірі металлургиялық кәсіпорынның айналасында өнеркәсіптік кооперация қалыптастыруға бағытталған.
Qarmet қазірдің өзінде өндірістік циклдің барлық кезеңдерін жаңартуға, соның ішінде жаңа технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарды жақсартуға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды дамытуға қомақты қаражат инвестициялаған.
ШОБ-ты дамытуға арналған өнеркәсіптік кластер үшін жалпы аумағы 20 000 м²-ден асатын, пайдалануға дайын өндірістік алаңдар бөлінді. Қазірдің өзінде офтейк-келісімшарттар жасасу және комбинатқа арналған жеке қорғаныс құралдарын (СИЗ) тігу мен өзге де өнімдерді өндіру үшін жабдықтар орнату бойынша нақты мысалдар бар. Сондай-ақ Qarmet кластері болатты қайта өңдеуге және дайын металл өнімдерін шығаруға байланысты ШОБ өндірістерін орналастыру орталығына айналады деп күтілуде, осы мақсаттарға алаңдардың бір бөлігі резервке қойылған.
Кластер жобасы «Бәйтерек» инвестициялық холдингінің қолдауымен жүзеге асырылуда, бұл кредиттеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларына және инвестициялық жеңілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кластер қатысушылары Qarmet тарапынан тұрақты сұранысқа ие келісімшарттар жасасып, дайын инфрақұрылым есебінен шығындарды азайтуға, қосылған құн тізбегіне кіруге және өз әзірлемелерін ілгерілетуге мүмкіндік алады.
Біз
бұл бастаманы ірі компаниялардың ШОБ-пен өзара іс-қимылының, жаңа экономиканың
өсу экожүйесін қалыптастырудың жаһандық үлгісі бола алады деп есептейміз. Сырым
Сайранбекұлымен кәсіпкерлердің Qarmet-пен серіктестік мүмкіндіктерін жан-жақты
талқылау үшін кәсіпкерлердің сапарын дайындау және ұйымдастыру туралы
уағдаластық. Комбинатты отандық бизнеске беру туралы қабылданған шешімнің
дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткіздім.
Содан соң шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткіздік. Онлайн-конференция режимінде өткен бұл кездесуге Қарағанды және Қарағанды облысы аудандарының кәсіпкерлерінен басқа, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан да ШОБ өкілдері қатысты.

Шағын бизнес қауымдастықтарының өкілдері, мысалы, Анастасия Калашникова (Тікелей сатулар қауымдастығы), Марина Бошель (Үй жанындағы дүкендер қауымдастығы), Константин Невзоров (Азық-түлік өндірушілері қауымдастығы) және басқалары, Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (СЗПТ) тізімін кеңейту туралы қабылдаған шешімін және Ұлттық тауарлар каталогын құру туралы шешімін қатаң сынға алды. Уәждері ауқымды және дәйекті болды.
Ұлттық тауарлар каталогы туралы айтқанда, өндірушілер мен сатушылар арасында бұл каталогтың не үшін қажет екеніне түсініспеушілік бар, өйткені тауарды жіктеуге болатын ТН ВЭД кодтары бар. Екінші мәселе, егер Қазақстан барлық тауарды өзі өндірсе, ұлттық каталогты енгізудің мағынасы болар еді. Бірақ Қазақстанда сатылатын тауарлардың көпшілігі импорттық болғандықтан, оларды біздің заңнамамен жіктеу халықаралық құқық тұрғысынан күмәнді, оған қоса тиімсіз болып табылады.
Үнемі
жаңа тауарлар пайда болып отырады, және осы каталогқа кірмеген тауарлардың
айналымға шығуы заңбұзушылық ретінде қаралады, бұл кәсіпкерлік қызметті
шектеуге алып келеді. Сондай-ақ, біртекті тауарларды жіктеу мәселесі туындап
отыр, мысалы, түрлері, көлемдері мен маусымдары бойынша айырмашылығы бар көкөністер.
Осының бәрі олардың бағасына әсер етеді. Бірақ барлық тауар түрлері (тек
көкөністер ғана емес, теледидарлар, мобильді телефондар, киімдер және т.б.) мен
вариацияларын сипаттап шығу физикалық тұрғыдан мүмкін емес.
Осыған байланысты қауымдастықтар «Ақ жол» Демпартиясына ұлттық тауарлар каталогы мәселесін талқылау үшін Сауда министрлігімен жиын ұйымдастыруды сұрады.
ӘМАТ тізіміне қатысты — ресми түрде ӘМАТ тізімі 33 тауар атауына дейін кеңейтіліп, кейін бизнес өкілдерінің наразылығынан кейін 31-ге қысқартылғаны айтылса да, шын мәнінде әрбір атау тізім ішінде тағы бірнешеге бөлінеді. Мысалы, әңгімелескендер сүттің түрлерін мысалға келтірді: майлылығы 6%-ға дейін, 6%-дан жоғары, пастерленген, қоюландырылған сүттер, әртүрлі майлылықтағы қаймақтар және т.б. Алманың әртүрлі түрлері мен бағалары, еттің тушасы, кесілген, шабылған түрлері болады. Әрбір ӘМАТ атауы бойынша жағдай дәл осындай, яғни бағасы шектелген тауарлардың жалпы саны жарты мыңнан асып кетуі мүмкін. Осының барлығына бағаны не үшін және қалай реттеуге болады?
Мысалы, бірінші сұрыпты ұннан жасалған арзандау әрі қолжетімді макарондар, сондай-ақ, бидайдың қатты сортынан жасалатын қымбат итальяндық макарондар болады, олар орта және жоғары табысы бар тұтынушыларға, жерортатеңіздік салауатты асхананы ұнататындарға арналған. Неліктен осы тауарларға баға шектеуі қойылуы керек? Аз қамтылған адамдар оларды бәрібір сатып алмайды, себебі олар қымбат және табысы ортадан жоғары адамдарға арналған. Олардың бағасын реттеудің не қажеті бар?
Шағын бизнес өкілдерінің пікірімен келісе отырып, 5 қаңтарда «Түркістан» газетіне шыққан сұхбатында Президент Қ.Тоқаев былай деген еді: Төмен тарифтер шын мәнінде аз қамтамасыз етілгендерге емес, байларға қолдау көрсетеді. Олар шынайы нарықтық баға орнына мемлекеттік дотация алады. Ал өндіруші өз өнімін өз құнынан төмен бағаға сатуға мәжбүр болады. Бағаларды жалпы реттеу әрекеттерінен бас тартып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға арналған жеке дотациялар енгізу керек. Ал қалған халық нақты нарық жағдайында өмір сүруі тиіс. (https://akzhol.kz/kk/blog/prezident-asm-zhomart-toaev-azastan-zharud-zhaa-kezene-adam-bast)
17 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы ӘМАТ тізімін қолдануға қарсы депутаттық сауал жолдаған.
Бизнесті
өз өнімдерін өзіндік құнынан төмен бағада сатуға мәжбүр етсе, экономика
құлдырайды. Мұндай жағдайда ешкім де өндіріспен не сатумен айналыспайды. Аз
қамтылған азаматтарға нақты көмек көрсетудің орнына бағаны барынша төмендету
экономиканы және оның ресурстарын сарқиды, әсіресе бұл шағын және орта бизнеске
қатты әсер етеді.
Бизнес өкілдері ӘМАТ тек бөлшек сауда деңгейінде реттеліп, көтерме жеткізушілердің бағалары реттелмейтініне әділетті наразылық білдірді. Мемлекеттік органдар көтерме сатушыларды бақылау қиын деп түсіндіреді, бірақ бөлшек сауда желісі одан әлдеқайда ауқымды. Үлкен көтерме сатушылар санаулы болса, дүкендер әр қалада мыңдап саналады. Мыңдаған дүкенге күн көрсетпегенше, бірнеше компанияны бақылау оңай емес пе? Нәтижесінде бөлшек сауда кәсіпкерлерінен өз тауарларын сатып алу бағасынан арзан сату талап етілуде.
Кәсіпкерлер үй жанындағы дүкендердің өзіндік құнына коммуналдық тарифтердің өсуі, тауар жеткізудің қымбаттауы, жаңа салық кодексіне байланысты бухгалтерия мен салық кеңесшілеріне шығындардың артуы, инфляцияға байланысты қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттіліктері әсер ететінін айтты. Сонымен қатар, тізімге негізінен күнделікті сұранысқа ие тауарлар кіргізілген, ал олар шағын дүкендердің айналымының негізі болып табылады. Егер ӘМАТ шектеулі тізімі кезінде табыс жоғалтуын басқа тауарлардың бағасын көтеру арқылы өтей алса, енді бұл мүмкін емес. «Дүкендер ашылуға қорқады, айыппұлдардан қорқады, тауарларға бағаны қалай қою керек, барлық түрлеріне ме немесе ең арзандарына ма – түсініксіз» деді кәсіпкерлер онлайн байланыста.
Шағын кәсіпкерлер егер баға шектеулері орын алса, бұл бизнес түрін өмір сүруге қабілетсіз етеді деп есептейді. Тіпті бұл нормалар ірі сауда желілерінің мүддесіне сәйкес енгізілген деген пікір қалыптасты.
Олар қарапайым есептеулер келтіріп, ӘМАТ тізімін енгізу жағдайында олардың жұмысы мүмкін болмайтынын және көптеген шағын дүкендердің жабылуына әкелетінін айтты. Бұл халықтың шығындарының артуына да әкеледі, себебі адамдар ірі сауда желілеріне толы автобустар мен көше кептелістері арқылы жетуге мәжбүр болады.
«Біз, кәсіпкерлер, әр тиынды есептеп, цифрлармен өмір сүреміз. Ал мемлекет есептеуді ұмытып қалды», - деген сөздер де айтылды.
«Сантехпром» ЖШС директоры (270 адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорын, жақсы айналымы бар) Владимир Крючков Қазақстандық тауар өндірушілердің Реестрін енгізудің кешігуін сынға алып, ай бойы кәсіпорынның бұл реестрге кіре алмай, жүйе қатып қалғанын, құжаттарды жүктеудің мүмкін еместігін айтты. Кәсіпорын келісімдерді жоғалту мен нақты қаржылық шығындармен бетпе-бет келіп тұр.
Ол
сондай-ақ, Реестрді Қазақстандық құрам көрсеткіштерімен толықтыруды ұсынды,
себебі онсыз әрбір нақты жағдайда өндірушінің қосымша құнын бағалау мүмкін
емес. Бұл ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар үшін тауарлар мен
жабдықтарды сатып алуда қазақстандық құрам талаптарын айналып өтуге жақсы
мүмкіндік. Техникалық операциялар орындалмай жатса да, бизнесті ұлттық
экономика мен өндірісті дамытуға ынталандыру үшін жергілікті қамту үлесін
қадағалау керек.
Бұл маңызды әрі принципті ескерту, Үкіметке тиісті ұсыныс дайындаймыз.

Сонымен
қатар, В. Крючков қытай тауарларының белсенді еніп жатқанын, соған байланысты
ҚХР шараларына ұқсас негізде (бұл мүмкін емес деп жауап бердім) отандық шикізат
пен материалдарды пайдалануға дотациялар енгізуді ұсынды. Крючков техникалық
реттеу талаптарын күшейтуді тағы да бір қорғаныс шарасы ретінде қарастырады,
яғни импорттық тауарлар кіргеннің өзінде, олардың ең арзаны емес, технологиялық
тұрғыдан алдыңғы қатарлылары кіруі үшін.
Біріншіден, мұндай өнім арзан бола алмайды және қазіргідей тендерлерде демпинг жасай алмайды. Екіншіден, осы арқылы отандық өндірушілер жаңа технологияларға қол созса, ал, мемлекет кез-келген бизнесті емес, ең озық үлгілі заманауи жобаларға ғана инвестиция тартуға ынталы болады.
Кездесуге қатысушылар "Ақ жол" фракциясына салық кодексі бойынша қатаң ұстанымы үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелер бойынша (В2В келісімдері, ӘМАТ, НКТ мәселелері) өкілетті министрліктермен жақын арада жиын ұйымдастыру мүмкіндігін сұрады.
Барлық
сұрақтарға жауап беруге тырысып, әріптестерді ұстамдылыққа шақырдым. Мемлекет
және біз, парламенттік партия ретінде, аталған барлық бағыттар бойынша мәселені
қадағалауда ұстап отырмыз. Олқылықтар орын алған жағдайда жұмыстың түзетілуін
талап ететін боламыз.
Үкімет
басталған реформалар бойынша жауапкершілікті толықтай мойнына алатынын айтты,
қалай болғанда да экономикалық модельді өзгерту қажет. Сондықтан өзгерістерге
көмектесіп, сонымен қатар қателіктер үшін үкімет пен министрліктердің жауап
берулерін де талап етіп отырамыз.
Өңірлерге сапарлар аяқталғаннан кейін бірден бизнес пен салалық министрліктердің осы мәселелер бойынша ортақ жиынын ұйымдастыруға тырысамыз.
.jpg)
Кездесу
соңында Партия төрағасы «Ақ жол» демпартиясына мүшелікке қабылдануға ниет білдірген
кәсіпкерлерге партия билеттерін табыс етті. Олардың қатарында самбодан екі
мәрте әлем чемпионы Маргарита Бажаева да бар екен. Бұл жастарға тамаша үлгі)