20
Тамыз

Азат Перуашев бастаған «ақжолдықтар» Шымкент қаласында №35748 әскери бөлімінің сарбаздарын марапаттады

20 тамыз 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының  Шымкент қалалық филиалы

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының төрағасы  Азат Перуашев Атырау облысында көктемгі су тасқыны кезінде аянбай көмек көрсеткен Шымкент қаласында орналасқан №35748 әскери бөлімінің сарбаздарын марапаттады.

Іс-шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Болат Утепбаев, Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Қайырбек Баймұратов пен Нұрлан Қайрденов, «Ақ жол» демпартиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов, «Ақ жол» демпартиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Батырбек Әшірбаев және Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Мұхтар Шымыров, Ислам Тулебаев, Ноян Төлегенов, Дулат Қуашбаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.                             

Іс-шара барысында Азат Перуашев сарбаздарды құттықтап, төтенше жағдай кезінде көрсеткен көмегі үшін әскерилерге алғыс айтып, олардың Атырау облысының Есбол, Еңбекшіл, Ақжайық, Ақтоғай елді мекендерінде су тасқыны кезінде елеулі үлес қосқанын атып өтіп,  №35748 әскери бөлімінің сарбаздарына табиғи апаттарға қарсы күресте табандылық пен батылдық танытқан үшін “Ақ жол” демократиялық партиясының “Апатпен күрескені үшін” медалін табыстады.

Шараға арнайы келген Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Қайырбек Баймұратов пен Нұрлан Қайрденов сарбаздарға Атырау облысы тұрғындарының алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған жұмысты жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білген №35748 әскери бөлімінің командирі Әмірқожа Айтқожинға “Еңбегім еліме” медалі табысталды. Бөлім командирі келген қонақтарға алғыс айтып, ел үшін аябай еңбек ете беретінін жеткізді.