19 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан
Демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев жұмыс сапарымен
Шымкентке келді. Сапар аясында ол қаланың ірі өндіріс орындарының бірі —
керамикалық өнімдер шығаратын «Wan Cheng Ceramic» кәсіпорнында болды.
Бұл зауытта бүгінде заманауи технологиялар қолданылып, халықаралық
стандарттарға сай өнімдер өндіріледі. Мұнда шығарылатын керамикалық плиталар
мен әрлеу материалдары сапасы мен беріктігімен ерекшеленіп, құрылыс саласында кеңінен
қолданылады. Кәсіпорын өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, шетелдік
тұтынушыларға да жеткізіледі.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев зауытты аралап, өндіріс барысымен танысты.
Оның айтуынша, кәсіпорында экологиялық таза шикізат пайдаланылып, дайын өнім
экспортқа да шығарылады. Сарапшылардың мәліметінше, мұндағы керамикалық
плиталар құрылыс саласында үлкен сұранысқа ие.
Компания заңгері Жәмила Мамырованың айтуынша, зауыт алдағы уақытта
өндірістік қуатын арттырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруды және өнім түрлерін
көбейтуді жоспарлап отыр.
Сапар барысында Мәжіліс депутатына «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының
төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев, сондай-ақ қалалық
мәслихат депутаттары Исламбек Насруллаұлы Тулебаев, Мұхтар Асқарұлы Шимиров,
және төраға орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов еріп жүрді.

