19
Тамыз

Азат Перуашев Шымкент қаласына іссапармен келді

19 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді.

Сапар барысында депутат бірқатар әлеуметтік және медициналық нысандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Соның ішінде «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының жұмысымен танысты. 2007 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бұл мекеме бүгінде Қазақстандағы жекеменшік зертханалардың ең ірі желілерінің біріне айналған. Қазіргі таңда «ОЛИМП КДЗ» желісінің ел аумағында 600-ден астам емдеу кабинеті және 20 зертханасы бар.

Зертхана заманауи халықаралық стандарттарға сай медициналық талдаулардың кең түрін ұсынады. Мұнда әлемдік өндірушілердің кәсіби жабдықтары орнатылып, анализдердің дәлдігі мен уақытылы нәтижесі қамтамасыз етіледі.

Сапарға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев, сондай-ақ мәслихат депутаттары Исламбек Насруллаұлы Төлебаев, Мұхтар Асқарұлы Шимиров, партия төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов қатысты.

Кездесуде партия өкілдері мен қала тұрғындары денсаулық сақтау саласын жетілдіру, халыққа қолжетімді медициналық қызмет ұсыну және өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу бағытындағы ұсыныстарды талқылады.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Ақ жол» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданып, оларға партиялық билеттер табысталды.

Жиында «Олимп» зертханасының басшылығы тарапынан да бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:

                    жаңа Салық кодексі аясында бизнестің құқықтық қорғалуы;

                    салықтық тексерулерді тағайындаудың ашық механизмін енгізу қажеттігі;

                    мемлекеттік медициналық ұйымдардың жекеменшік ұйымдар алдындағы қарыздарын өтеу мәселесі сөз болды.

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев бұл ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын айтып, оларды тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жеткізетінін атап өтті.